Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

"Астана Опера" сахнасының шеберлері мерейтойлық театр маусымы қарсаңында жетістіктерімен бөлісті

10-шы мерейтойлық театр маусымы қарсаңында «Астана Операда» сахнаны безендірумен айналысатын шеберлердің жетістіктері айтылды. Театр өкілдері сахнаны декорациясыз елестету мүмкін емес екенін еске салды: қойылымның мазмұнын ашуда майда бөлшектер де үлкен рөл атқарады. Декорация элементтерін жасау кезінде сапаға ғана емес, гастроль барысында оларды тасымалдау ыңғайлылығына да назар аударылады. Олардың қызмет ету мерзімі 12 жылға дейін болуы мүмкін. Сонымен қатар, сахнаны безендірумен айналысатын жұмысшылар ұзақ гастроль барысында зақымдалған декорацияларды қалпына келтірумен айналысады. Қауіпті жағдайларды алдын алу үшін олар гастрольге театр әртістерімен бірге барады. Бүгінде сахнаны безендірумен айналысатын шеберлер, ашық аспан алаңдарында өткен қойылымдарды қоспағанда, 40 спектакль үшін декорация элементтерін жасап шығарған. Айта кету керек, «Астана Операның» техникалық жұмысшыларын кәсіби дамыту мәселелері тиісті деңгейде қойылған. Мұнда тек отандық емес, шетелдік театрлардың мэтрлері келіп, тәжірибелерімен бөліседі.