Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Grammy 2022 рәсімі өтетін күн белгілі болды

Grammy 2022 рәсімі өтетін күн белгілі болды

Фото ©REUTERS

Grammy 2022 музыкалық сыйлығын тапсыру рәсімі 3 сәуірде Лас-Вегастағы MGM Grand Garden Arena-да өтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Оңтүстікафрикалық әзілкеш әрі актер Тревор Ноа іс-шараға жүргізуші ретінде қатысатыны айтылды. Grammy апталығының басқа ресми іс-шараларының, оның ішінде премьераның, "Жыл адамы" сыйлығының күндері мен орындары туралы қосымша мәліметтер жақын арада жарияланады. Grammy 2022 сыйлығының номинациялары 23 қарашада жарияланды. Естеріңізге сала кетейін, былтыр айтулы шара COVID-19 таралуына байланысты шегерілген еді.