Астана Балет әртістері бір актілі балеттер кешін ұсынады

29-шы сәуірде Астана Балетте бір актілі балеттер кеші өтеді. Бірінші бөлімде театр әртістері Петр Ильич Чайковскийдің музыкасына қойылған Джордж Баланчиннің «Серенадасын» ұсынады. Бұл туынды неоклассикалық хореографияның жауһары саналады. Сырт көзге қарапайым көрінетін «Серенада» техникалық, музыкалық және стилистикалық тұрғыдан өте күрделі әрі ғажайып. Ал кештің екінші бөлімінде өнерсүйер қауым назарына 2021 жылғы ерекше премьера – «Тағдыр бұлтарыстары» тарту етіледі. Балеттің музыкасы мен либреттосын танымал қазақстандық әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Карина Абдуллина жазған. Хореограф – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Балет» театрының бас балетмейстері Мукарам Авахри.