Нұр-Сұлтан - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қазақ хандарына арналған тарихи аудиожоба жарыққа шықты

Қазақ хандарына арналған тарихи аудиожоба жарыққа шықты

Қазақ хандарына арналған тарихи аудиожоба жарыққа шықты, деп хабарлайды Informburo.kz KhanCast бағдарламасын Megogo мобильді қосымшасы арқылы тыңдауға болады. Эксклюзивті тарихи подкаст 10 бөліктен тұрады және Керей хан, Жәнібек хан, Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел хан, Есім хан, Жәңгір хан, Тәуке хан, Абылай хан, Кенесары хан сияқты хандар туралы баяндайды. Әр бөлік тек Қазақ хандығының билеушісіне ғана емес, сонымен бірге тарихтағы белгілі бір кезеңге арналған.Идея авторы және подкасттың продюсері – Елдар Құдайбергенов. Жүргізушісі мен редакторы – Айым Тлепберген. Жобаның өндірісімен Megogo Audio тобы айналысса, кеңесші ретінде Берекет Кәрібаев, Лепуда Мұқатаева, Гүлмира Сұлтанғазы сынды кәсіби тарихшылар қолдау көрсеткен. KhanCast подкасты – тыңдаушыға еліміздің тарихи кезеңдерін еске түсіріп қана қоймай, халқымыздың тереңдігін, батылдығы мен бірегейлігін де көруге мүмкіндік береді.