Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Жамбыл атындағы филармонияда хор музыкасы фестивалі өтеді

Жамбыл атындағы филармонияда хор музыкасы фестивалі өтеді

1 және 2 мамырда Жамбыл атындағы филармонияда «Гүл Алматы. Flower city» атты хор музыкасы фестивалі өтеді. Іс-шараға Бақытжан Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының хоры, «Елім-ай» балалар хоры, Петр Ильч Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің «Алатау» жастар хоры, Алматы қаласындағы балалар мектеп хорлары қатысады. Іс-шараның басты мақсаты-елімізде хор өнерін насихаттау. «Қазақстан композиторларының хор шығармашылығы өңірдің хор мәдениетінің дамуымен, көрнекті дирижерлер мен ұжымдардың қызметімен, жаңа туындыларды шығаруға қарқынды бастамашылық ететін және хор репертуарын кеңейтетін конкурс және фестиваль қозғалысымен тығыз байланысты»,-делінген ұйымдастырушылар таратқан хабарламада.