Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Елордада Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына арналған көрме өтіп жатыр

Елордада Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына арналған көрме өтіп жатыр

Аты аңызға айналған қазақтың батыр қызы. Елордада осындай атаумен тарихи көрме өтіп жатыр. Шара Халық қаһарманы, ұшқыш Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл толуына орай Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейімен бірлесе ұйымдастырылды. Көрмеде Хиуаз Доспанова, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметованың фотосуреттері мен барлығы 60 шақты жәдігер қойылды. Басты мақсат майдангерлердің есімдерін мәңгілікке қалдыру, өскелең ұрпақтың Отанға деген мақтаныш сезімін ояту және тарихқа құрметпен қарауға үйрету. Көрме 2-мамырға дейін жалғасады.