Нұр-Сұлтан - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Анкарада «Ұлы тұлғалар және түркі әлемі» атты жиын өтті

Анкарада «Ұлы тұлғалар және түркі әлемі» атты жиын өтті

Анкарада «Ұлы тұлғалар және түркі әлемі» атты жиын өтті. Ахмет Байтұрсынұлы мен Мұхтар Әуезовтің мерейтойына орайластырылған шарада Түркі Академиясының «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш», «Қазақ ағарту қызметкерлерінің бірінші құрылтайы» және Мұхтар Әуезовтің әйгілі «Қырғыздың батырлық эпосы «Манас»» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». Халықаралық түркі академиясы президентіДархан Қыдырәлінің айтуынша, Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы және Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған шараның Анкарада өтуі өте маңызды. Себебі Алаштың ардақтылары тек қазақ халқына емес, түркі әлеміне де еңбегі сінген заңғар тұлғалар. Әсіресе, Мухтар Әуезовтің Манасты қорғаудағы, Шыңғыс Айтматовты тәрбиелеп шығарудағы қызметі үлкен. Ал Ахмет Байтұрсынұлының жалпы тілтанымдағы, Баку конгресіндегі қызметі бүкіл түркі әлеміне әсерін тигізген.