«Астана Опера» еріктілері елордалық ардагерлерге құрмет көрсетті

Жеңіс күні қарсаңында «Астана Опера» еріктілері елордалық ардагерлерге құрмет көрсетті. «Қызметкерлеріміз әзірлеген сыйлықтар– бұл ардагерлерді қуантуға мүмкіндік»,– деді театр директорының орынбасары Айжан Құрманғалиева. 9 мамырда Астана Операда соғысқа қатысқан және бейбітшілік үшін күрескен барша жандарға арналған «Естелік әрі даңқты әндер» концерті өтпек. Бағдарламаға соғыс жылдарындағы әуендер мен камералық-вокалдық музыка туындылары енді. Күләш Байсейітова атындағы Камералық залда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Бибігүл Жанұзақ, Жамиля Джаркимбаева, Мейір Байнеш, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғалия Байғазинова және тағы басқалары өнер көрсетеді.