Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алматыда жаңа балет театрының құрылысы аяқталды

Алматыда жаңа балет театрының құрылысы аяқталды

Алматыда жаңа балет театрының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды Almaty.tv Мәдени ғимараттың жалпы ауданы 14 мың шаршы метрді құраса, көрермен залы 700 адамға есептелген. «Алматы театры» әлемде үздік саналатын балет сахналарынан кем түспейді. Мұнда түрлі форматтағы презентациялар мен ауқымды қойылымдардан бастап, таңғажайып шоуларға дейін ұйымдастыруға болады.Одан бөлек, ішінде мейрамханалар мен арнайы тамақтанатын орындарға дейін бар. Ал мәдени орталықтың қасбеті табиғи тастармен қапталып, сән өрнектерімен безендірілген. Белгілі сарапшылар мәдени ғимараттың өте сапалы салынғанын әрі заманауи талаптарға сай екенін айтады. Ғимарат алдағы уақытта қаладағы ірі орталықтардың біріне айналары сөзсіз. Әл-Фараби мен Назарбаев даңғылдарының қиылысында орналасқан ғимаратқа 7 мамырдан бастап кіруге болады. Жаңа сахнада алғаш болып аты аңызға айналған Борис Эйфман балетінің әртістері өнер көрсетеді.