Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Корей театрының актері Олег Ли «Барыс» орденімен марапатталды

Корей театрының актері Олег Ли «Барыс» орденімен марапатталды

Театр өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театрының актері Олег Ли  ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Тиісті жарлыққа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Олег Ли театрда 1975 жылдан бері жұмыс істейді. 17 туындының режиссері. Түрлі кинофильмдер мен телехикаяларда 40-тан астам рөлдерді сомдаған. Театр ардагерлер кеңесінің төрағасы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері. "Құрмет" орденімен, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл", "Еңбек ардагері" медальдарымен марапатталған.