Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алматыдағы жаңа театрда Астана Балет пен Борис Эйфманның Балет театры өнер көрсетеді

Алматыдағы жаңа театрда Астана Балет пен Борис Эйфманның Балет театры өнер көрсетеді

6-мамырда «ALMATY THEATRE» сахнасында «Астана Балет» әртістері мен симфониялық оркестрінің қатысуымен «Бір актілі балеттер кеші» өтеді. Кеш барысында Джордж Баланчиннің Петр Чайковский музыкасына қойған «Серенада» және Карина Абдуллинаның музыкасына Мукарам Авахри қойған «Тағдыр бұлтарыстары» балеттері көрсетіледі. Ал 7-мамырда Алматының жаңа театрында Борис Эйфманның Балет театры көрермен назарына әлемге әйгілі «Анна Каренина» балетін ұсынылады. Бұл спектакль «Алтын маска» және «Алтын софит» беделді театр сыйлықтарына ие болған. Бұған қоса, Борис Эйфман осы қойылымы үшін «Үздік хореограф» номинациясы бойынша «Бенуа-де-ла-Данс» («Балет «Оскары» деген балама аты бар) халықаралық балет жүлдесін қанжығасына басты.