Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Абай атындағы театрда «Жеңісті мамыр» атты концерт өтеді

Абай атындағы театрда «Жеңісті мамыр» атты концерт өтеді

8 мамырда Абай атындағы опера және балет театрында «Жеңісті мамыр» атты концерт өтеді. «Театрда Жеңіс күнін мерекелеуге арналған вокалдық кештер өткізу дәстүрге айналған. Осындай концерттер аясында майдан әндері мен заманауи шығармалар шырқалады»,-делінген алматылық театр таратқан хабарламада. «Жеңісті мамыр» атты концертке опера солистері Ілияс Артағалиев, Азамат Малышов, Надия Наденова, Анжела Шагарова, Ислам Хамзаев қатысады. Фортепиано партиясы - Әсел Даулетярова.