Нұр-Сұлтан - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алматыда «Біздің айналамыздағы әлем» атты көрме ашылды

Алматыда «Біздің айналамыздағы әлем» атты көрме ашылды

Алматы музейінде «Самоцвет» клубымен бірлескен «Біздің айналамыздағы әлем» көрмесі ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv Қазіргі таңда «Самоцвет» клубында арнайы білімі бар суретші-ұстаздармен бірге басқа саланы игерсе де бейнелеу өнері өмірінің ажырамас бөлігіне айналған әуесқой суретшілер де бар. Көрмеде 60-тан астам жұмыс қойылды. «Көрмеге келушілер суретшілердің шығармашылығымен танысып, авторлардың идеясы мен ізденісінен көрініс тапқан, гуашь, акварель, аралас техника, графика секілді түрлі көркемсурет техникасын қолданған туындысын көре алды. Суретшілердің жұмыстары қоршаған әлем шындығымен үйлесім табады», – деді ұйымдастырушылар. Көрме 12 мамырға дейін жалғасады.