Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Республикалық «Таласбек» сыйлығы жарияланды

Республикалық «Таласбек» сыйлығы жарияланды

Республикалық «Таласбек» сыйлығы жарияланды. Бұл туралы adebiportal.kz хабарлады. Қазақ өнері мен мәдениетінің шырақшысына айналған Таласбек Әсемқұлов атындағы сыйлық «Ең үздік зерттеу мақала» және «Ең үздік әдеби шығарма» аталымы бойынша жарияланды. 2022 жылдың 15-қыркүйегіне дейін әр аталым бойынша жұмыстар қабылданады. «Таласбек» сыйлығына ұсынылатын шығармалар talasbekasemkulov2022@gmail.com электронды поштасына жолдануы тиіс. Сонымен қатар, олар «Әдебиет порталындағы» арнаулы парақшада жарияланып отырады. Нәтижесі 2022 жылдың 23 қыркүйегінде жарияланады. Ұсынылатын шығарманың бет санына, қатысушының жасына, тіліне шектеу жоқ. Әр аталым бойынша үздік деп танылған шығармаларға 300 000 теңге сыйақы тағайындалған.