Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Елімізде алғаш рет «Асанәлі» сыйлығы табысталады

Елімізде алғаш рет «Асанәлі» сыйлығы табысталады

Фото: Кazakhfilmstudios.kz

Биыл қазақ өнерінің жарық жұлдызы Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, аты аңызға айналған Асанәлі Әшімұлы 85 жасқа толады. Осыған орай алғаш рет театр және кино өнері майталмандарына арналған «Асанәлі» сыйлығы табысталмақ. Үміткерлерді арнайы құрылған сарапшылар тобы ұсынып, үздіктерін анықтайды. Олардың қатарында театртанушылар, кино сыншылары  мен белгілі режиссерлер бар. Марапат бес аталым бойынша ең үздік кино мен театр актері, ең үздік кино мен театр режиссері, сондай-ақ «Театр және кино өнеріне қосқан үлесі үшін» аталымдары бойынша тапсырылады. Сыйлықты табыстау рәсімі 27 мамыр күні өтеді. Мұхтар Әуезов атындағы драма театрдың директоры Еркін Жуасбектің сөзінше, алғаш рет ұйымдастырылып жатқан сыйлықта ешқандай жас шектеуі жоқ.