Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алматыда Қасым хан бейнеленген мурал пайда болды

Алматыда Қасым хан бейнеленген мурал пайда болды

Сурет: inform.kz

Алматыда Қасым хан бейнеленген мурал пайда болды. Алыпкартина Қабдолов және Өтеген батыр көшелерінің қилысында орналасқан Grand Park сауда кешенінің қабырғасына салынды.Аталған мурал Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының тапсырысы бойынша салынды. Бұл мәдени іс-шара режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» фильмінің прокатқа шығуына орай ұйымдастырылғанын айта кету керек. Муралды жас суретшілер Карина Азимжанова және Гафура Қайырбекова салды. Олардың айтуына қарағанда Қасым ханның беснесін салуға бір апта және 120 дана баллон бояу кеткен екен.