Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Елімізде Корей фильмдерінің фестивалі өтеді

Елімізде Корей фильмдерінің фестивалі өтеді

Cурет: inform.kz

Елімізде Корей фильмдерінің фестивалі өтеді. Шара аясында корей фильмдері 14-ші мамырда Талдықорғанда, 21-ші мамырда Ақтауда және 28-ші мамырда Қостанайда көрсетіледі. Соңғы бірнеше жылда  фестиваль коронавирус жағдайының ушығуына байланысты онлайн форматта өткізілген. «Биыл Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы мәдени және дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толып отыр. Осыған байланысты бізде көптеген шара өткізіледі», - деді елордадағы Корей мәдени орталығының директоры Ли Херан. Осы жолғы фестивальде қазақстандық көрермендерге «Кішкентай орман» және «Тоннель» атты екі корей картинасы ұсынылмақ. Екі фильмде де осы елдің тыныс тіршілігі, онда тұратын адамдардың өмірі туралы қызықты сәттер қамтылған.