Астана Операның жас балеті Гала-балет ұсынады

14-15 мамырда Астана Операның Үлкен залында Гала-балет өтеді. Оның бағдарламасында классикалық репертуардан па-де-де, сондай-ақ заманауи хореографтардың қойылымдарынан миниатюралар мен үзінділер қамтылған. Орындаушылар – дарынды жас әртістер. Бүгінгі таңда кордебалетте би билеп жүрген, бәлкім ертең-ақ солист болатын әртістерді «жақыннан көру» мүмкіндігі бар. Көрермен қауым балет труппасының шығармашылық әлеуетіне өз бағасын бере алады.Балет труппасының көркемдік жетекшісі – Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратова.