Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Абай атындағы театрда Арам Хачатурянның "Спартак" атты балеті қойылады

Абай атындағы театрда Арам Хачатурянның

Абай атындағы опера және балет театрында Арам Хачатурянның "Спартак" атты балеті қойылады. Композитор «Спартакты» 1950 жылы жазуды бастаған. Сценарист Николай Волков ежелгі жазушылар Аппиан мен Плутархтың жазбаларын пайдаланған, бірақ сценарийге жаңа кейіпкерлер – Эгина мен Гармодияны енгізген. Балет музыкасы жарқын контрасттармен қаныққан: шаттанған Рим және жеңілгендердің қайғысы, нәзік лирикалық көріністер бар. Дүниежүзілік хореография тарихында Хачатурянның музыкасына хореографтардың бірнеше жарқын үндеулері бар, бірақ оның қазақ жерінде де үндескенін көпшілік біле бермейді. Қазақстанның хореографиялық өнерінің шебері Зәуірбек Райбаев XX ғасырдың 70-жылдарының аяғында театр репертуарында берік орныққан ерекше хореографиялық нұсқаны жасады. Көп жылдар өткен соң қойылым Абай атындағы театрдың сахнасына белгілі суретші Вячеслав Окуневтің жаңартылған сценографиялық нұсқасында және Зауырбек Райбаевтың шынайы хореографиясында қайта оралады. «Спартак» балетін 15 мамырда тамашалауға болады.