Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алматының этномәдени бірлестіктері референдум идеясын қолдайды

Алматының этномәдени бірлестіктері референдум идеясын қолдайды

Сурет: assembly.kz

Мемлекет басшысы бастамашылық еткен Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдум Жаңа Қазақстанның құрылыс процесінде маңызды кезеңге айналады. Бұл туралы Алматыдағы қалалық Достық үйінде өткен этномәдени бірлестіктер өкілдерінің отырысында айтылды. «Мемлекет басшысы Конституцияға енгізуді ұсынған өзгерістер саяси бәсекелестікті күшейтуге, ел азаматтарына жаңа және тең мүмкіндіктер жасауға мүмкіндік береді», - деді Алматы қаласының Орыс мәдени орталығының төрағасы Всеволод Лукашев. Ол референдумға қойылған идеяларды Президент биылғы Жолдауында айтқанын еске салды. Олардың негізінде  «әр түрлі көзқарастар, бірақ біртұтас ұлт» қағидатының тезисі жатыр. Этномәдени бірлестіктердің көшбасшылары Алматы қаласының барлық тұрғындарын бірігуге, азаматтық ұстаным танытуға және алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырды.