Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Астана Балет» сахнасында «Жібек жолы» балетінің премьерасы өтеді

«Астана Балет» сахнасында «Жібек жолы» балетінің премьерасы өтеді

«Астана Балет» театры кезекті премьера дайындауда. Бұл жолы астаналық көрермен назарына ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Қайырбековтың либреттосына қойылған екі актілі «Жібек жолы» (Бейбітшілік биі) балеті ұсынылады. Оның көрсетілімі 18 және 19-маусымда өтеді. Қоюшы-хореограф - «Астана Балет» театрының бас балетмейстері Мукарам Авахри. Жоба аясында «Жібек жолы» қойылымының кинонұсқасының түсірілімі де қолға алынған. Осылайша, әлемнің түкпір-түкпіріндегі балетсүйер қауым Ұлы Жібек жолының пайда болуы мен қалыптасуы жайлы  баяндайтын қойылымды тамашалап, сонымен бірге, Қазақстанның мәдени мұрасымен де таныса алады.