Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Астана Операда «Балалар театрға шақырады» атты концерт өтеді

Астана Операда «Балалар театрға шақырады» атты концерт өтеді

1-ші маусым Халықаралық балаларды қорғау күнінде «Астана Опера» театрының театрлық студиясы өзінің жыл сайынғы есептік концертін ұсынады. «Балалар жылы» деп жарияланған 2022 жылдың басында елордалық театрда жаңа бірегей жоба – «Театр қолөнері» пайда болды. Балалар бутафория, костюмдер жасап, бейнелеу өнерінің қыр-сырын оқып үйренді. Енді концерт басталмас бұрын  үйірме тәрбиеленушілері көрермен назарына өз жұмыстарының көрмесін ұсынбақ. Ал балаларға арналған хор студиясының қатысушылары сахнада барокко дәуірінің жарқын үлгісі – Джованни Баттиста Перголезидің STABAT MATER және қазақстандық композиторлардың шығармаларын орындаса, жас бишілер балет өнерінің жауһарларын паш етеді. Айта кетейін, Балалар студиясы 2013 жылы құрылды. Тәрбиеленушілері – театр спектакльдері мен концерттік бағдарламалаға қатысып келеді.