Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Еліміздің оңтүстігінде «Астана Операның» жазғы гастролі өтеді

Еліміздің оңтүстігінде «Астана Операның» жазғы гастролі өтеді

«Астана Операның» балет труппасы Түркістанға және Шымкентте өнер көрсетеді. 4-ші және 5-ші маусымда Түркістан музыкалық драма театрының сахнасында ұжым XX ғасыр жауһары – Н.А.Римский-Корсаковтың музыкасына кемеңгер хореограф Михаил Фокиннің «Шехеразада» балетін ұсынады. Ал 7-ші және 8-ші маусымда «Түркістан» концерттік залы сахнасында шымкент жұртшылығы  Фредерик Шопеннің музыкасына Михаил Фокиннің романтикалық балет жауһары – «Шопениананы» тамашалай алады. Бірактілі балеттермен қатар, труппа гала-бағдарламаға енген жарқын концерттік нөмірлерді де орындайды. Оның негізі классикалық әрі заманауи мұрадан құралған, сондай ақ ұлттық тақырыптарға арналған көрсетілімдер бар. «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова.