Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Құрманғазы атындағы консерваторияның оқытушысы ТМД-ның үздік жас ғалымы төсбелгісімен марапатталды

Құрманғазы атындағы консерваторияның оқытушысы ТМД-ның үздік жас ғалымы төсбелгісімен марапатталды

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Арт-менеджмент» кафедрасының аға-оқытушысы, PhD докторы Айгерім Оспанова ғылым мен білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін «ТМД-ның үздік жас ғалымы-2022» төсбелгісімен марапатталды. Шара «Бөбек» жалпы ұлттық қозғалысы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен өткізілді. Жобаға ТМД елдеріндегі ғылым саласының дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген үздік жас ғалымдар қатысты. Басты мақсаты – жас ғалымдардың ең үздік маңызды әрі инновациялық жобаларын анықтау, ғылыми қызығушылықтарын арттыру, ғылым саласын дамыту мақсатында ортақ біріктіруші алаң құру.