Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Бақсы сиқыры» шығармасы өнер сүйер қауымды тәнті етті

«Бақсы сиқыры» шығармасы өнер сүйер қауымды тәнті етті

Cурет: Baq.kz

«Астана кештерi» ХI халықаралық өнер фестивалінің алғашқы концертінде ерекше музыкалық туындының премьерасы өтті. Француз композиторы Пьер Тиллуа жазған қобыз бен скрипкаға арналған «Бақсы сиқыры» атты жаңа музыкалық шығармасы барша өнер сүйер қауымды тәнті етті, деп хабарлайды Baq.kz Әлемдік премьераны Франциядан келген қобызшы Айгерим Ерсаинова-Шустер мен скрипкашы Квентин Фогель орындады. Сондай-ақ бұл кеште белгілі қазақстандық және шетелдік өнер жұлдыздары француз композиторының фортепианолық және ансамбльдік туындыларын шырқады. «Астана кештері» өнер фестивалінің тағы 3 концерті «Астана балет» театрында өтеді және көрермендер оларды тегін тамашалай алады.