Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Астана Операда «Өнерлі жастар тартуы» атты концерт өтеді

Астана Операда «Өнерлі жастар тартуы» атты концерт өтеді

4 маусымда Астана Операның Күләш Байсеитова атындағы Камералық зал сахнасында Балалар жылы аясында «Өнерлі жастар тартуы» атты концерт өтеді. Шараға дарынды жас музыканттар – Қазақ ұлттық өнер университеті мектебінің, сондай-ақ қалалық музыкалық мектептердің тәрбиеленушілері қатысады. Балалардың көпшілігі беделді халықаралық байқаулардың лауреаттары болып табылады әрі Қазақстанның өнерін шетелде лайықты деңгейде паш етіп жүр. Сан алуан концерттік бағдарламада классик-композиторлардың туындылары мен балалар репертуарынан үздік пьесалар шырқалады.