Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Елордалық филармонияның камералық хоры концерттік маусымын «SOUNDS OF WORLD» бағдарламасымен тәмәмдайды

Елордалық филармонияның камералық хоры концерттік маусымын «SOUNDS OF WORLD» бағдарламасымен тәмәмдайды

Елордалық филармонияның камералық хоры XIX концерттік маусымын «SOUNDS OF WORLD» бағдарламасымен тәмәмдайды. 8 маусымда ұжым «Астана Опера» театрының Күләш Байсейітова атындағы Камералық залында әлем елдерінің шығармаларын орындайды. Түпнұсқа тілінде шырқалатын әр түрлі композициялар адамзаттың махаббатқа, сұлулыққа, үміт пен бейбітшілікке, мәңгілік құндылықтарға деген ұмтылысын баяндайды. Концертте халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Индира Айтберген, Лаура Қарабай және тағы басқа жеке орындаушылар өнер көрсетеді. Камералық хордың көркемдік жетекшісі және бас дирижеры – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Гүлмира Құттыбадамова, хормейстер − Данара Ташатова.