Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қазақ өнерпаздары Түркияда өнер көрсетті

Қазақ өнерпаздары Түркияда өнер көрсетті

Түркияның Мерсин провинциясына қарасты Торослар ауданында қазақстандық «Тұран» этно-фольклорлық тобының концерті өтті. ХХ Мерсин халықаралық музыка фестивалі аясында өткен кеште түркі халықтарының ескі туындыларымен қатар, заманауи шығармалар да орындалды.Түркиядағы тарихи сериалдарда жиі ойналатын қазақ күйлері арқылы «Тұран» тобының шығармашылығымен жақсы таныс жергілікті көрермен өнерпаздарға қошамет көрсетті. Тіпті Торослар мэрі Атсыз Афшин Йылмаз, қазақстандық топпен бірге сахнада ән салып, көрерменнің ілтипатына бөленді. Концерттен соң жергілікті басшылар қазақ өнерпаздарына сый құрметтерін көрсетіп, сыйлықтар тарту етті.