Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Astana Musical» «Роза Бағланова» мюзиклінің премьерасын ұсынады

«Astana Musical» «Роза Бағланова» мюзиклінің премьерасын ұсынады

«Astana Musical» мемлекеттік театры «Роза Бағланова» мюзиклінің премьерасын ұсынады. Шара Қазақстанның және КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналады. Жаңа туынды есімі аңызға айналған әншінің балалық шағынан бастап соғыс жылдарындағы тағдыры туралы сыр шертеді. Мюзикл Роза Бағланованың ішкі жан дүниесі мен оның қайталанбас өнер әлемін паш етпек. Оның ән әлеміне келуі, соғыс жылдарындағы қайсарлығы, өнер жолындағы қиындықтары мен тағдырындағы сын сағаттар... Осының барлығы жаңа мюзиклде жаңаша көрініс тауып, қойылымның өзегіне айналады. Қоюшы режиссер – «Astana Musical» мемлекеттік театрының көркемдік жетекшісі Есләм Нұртазин. Композитор – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Артур Оренбургский. «Роза Бағланова» мюзиклінің премьерасы Қазақстан орталық концерт залында 10 маусымда өтеді.