Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қазақстанда «Балалар мен театр» пилоттық жобасы іске қосылды

Қазақстанда «Балалар мен театр» пилоттық жобасы іске қосылды

Сурет: Azh.kz

Қазақстан Үкіметі өскелең ұрпақты театр өнері әлеміне тарту мақсатында Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында «Балалар мен театр» атты ағартушылық пилоттық жоба іске қосылды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап.
«Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында жергілікті бюджет есебінен оқушыларды жеңілдетілген театр абонементімен қамтамасыз ету бойынша «Балалар мен театр» ағартушылық пилоттық жобасы іске қосылды. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласында аталған жоба аясында 7 мыңға жуық оқушы театрға барды. Осы жобаны одан әрі жалғастыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының білім және мәдениет басқармасы екіжақты меморандумға қол қойды», - делінген мәлімдемеде.