Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Елордада «Кенесары хан» атты кітаптың тұсауы кесілді

Елордада «Кенесары хан» атты кітаптың тұсауы кесілді

Елордада «Кенесары хан» атты кітаптың тұсауы кесілді. Жинаққа нар тұлға және оның қасында жүрген Наурызбай, Саржан, Есенгелді сынды жаужүрек батырлардың қаһармандығын суреттейтін аңыз-әңгімелер мен тарихи жыр-дастандардың таңдаулы үлгілері топтастырылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazqtv.com сайтына сілтеме жасап. Тың еңбекте Кенесарының ханға лайық бекзат болмысы, елін қорғау жолындағы жорықтары, соңынан ерген жауынгерлер бейнесі шынайы әрі көркем баяндалады. Айта кетейік, ел арасында оның тағлымды өмірі мен азаттық жолындағы шайқастарын жыр еткен аңыздар аз емес. Алғашқы нұсқалары ХІХ ғасырдың басында хатқа түсе бастаған. Тың еңбекте мұрағаттық деректер де кеңінен қамтылған.