Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Ренессанс» триосы көрермендердің назарына «Үш аспаптың құдіреті» концертін ұсынады

«Ренессанс» триосы көрермендердің назарына «Үш аспаптың құдіреті» концертін ұсынады

Бүгін, 10-маусымда Астана Операда құрамында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисті, скрипкашы Еркебұлан Сапарбаев, ALMATY AYENDERI республика сарайының әртістері, виолончельші Эльдар Айтбеков пен пианист Асқар Құлшәріпов бар «Ренессанс» триосы көрермендердің назарына «Үш аспаптың құдіреті» концертін ұсынады. Кеш осы ұжымды құрған қазақстандық скрипкашы әрі композитор Әшім Ұнайбековтың рухына арналады. Сонымен қатар концертте құрамында флейташы Хадиша Елібаева, кларнетші Татьяна Штогрина, гобойшы Жәңгір Қосымбаев және фаготшы Владимир Ардашев бар елордалық үрлемелі аспаптар квартеті өнер көрсетеді. «Үш аспаптың құдіреті» атты концерт Астана Операның Күляш Байсеитова атындағы Камералық залында өтеді.