Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Болат Аюхановтың би театры 54-ші маусымын Гала-балетпен аяқтайды

Болат Аюхановтың би театры 54-ші маусымын Гала-балетпен аяқтайды

Болат Аюхановтың би театры 54-ші маусымын Гала-балетпен аяқтайды. Көрермендерді классикалық балет және ұлттық билер кеші күтіп тұр. Концертке театрдың балет труппасының жетекші солистері мен әртістері қатысады. Кеш 13 маусымда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында өтеді. Айта кетейін, 54-ші маусымда  Болат Аюхановтың би театры жыл басынан бері 44 концерт өткізді, соның 10-ны Алматы қаласында өткен. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 5 қайырымдылық концерті, балалар жылына байланысты мектептерде 3 шеберлік-сыныбы ұйымдастарылды. Жақында Семей және Өскемен қаларында Болат Аюхановтың би театры көрермен назарына үздік қойылымдарын ұсынды. Сахнада екі ғасыр бойы әлемді мойындатқан Чайковскийдің «Аққу көлі» төрт актілі балеті мен Болат Аюхановтың қойылымдағы Морис Равельдің музыкасына жазылған бір актілі "Болеро" балеті көрсетілді. Ұжым гастрольдік сапарын Павлодар қаласынан бастаған болатын.