Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Ұлттық домбыра күні кең көлемде атап өтіледі

Ұлттық домбыра күні кең көлемде атап өтіледі

Алдағы демалыс күндері елімізде Ұлттық домбыра күні атап өтіледі. Осыған орай, Қазақстанның түкпір -түкпірінде түрлі іс шаралар ұйымдастырылады.Алайда, ең ірі шара елордада Экспо алаңында өткізіледі. Еске салсақ, 2018 жылдың 13 маусымында Қазақстанның Тұңғыш президентінің жарлығымен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып айқындалды. Айтулы мереке Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында белгілді. Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің басты символы әрі ұлы аспабы домбыра екендігі сөзсіз. Домбыра қазақтың 7 ұлттық қазынасының бірі десек те болады. 2007 жылы отандық ғалымдар мемлекет пен халықтың рухани дамуына, соның ішінде қалыптасуына ықпал еткен 7 ерекше мәдени құбылысты анықтаған. Бұл тізімге домбыра, Тамғалы шатқалында тасқа салынған суреттер, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Маңғыстаудағы жерасты мешіттер, қазақтың киіз үйі, «Бәйтерек» монументі, Есікте табылған «Алтын адам» кірді. 2010 жылы домбыра Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.Кейбір мәліметтерге сәйкес, домбыраның 4 мың жылдық тарихы бар.