Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Астана Опера» театры екі айлық гастрольдік сапарын аяқтады

«Астана Опера» театры екі айлық гастрольдік сапарын аяқтады

Астана операның екі айға созылған ауқымды гастрольдік сапары аяқталды. Бұл турдың географиясы еліміздің бес қаласын қамтыды, «Астана Операның» музыкалық керуені Павлодар, Екібастұз, Қарағанды, Рудный, Ақтөбе қалаларына тоқтады. Көрермендерге италиялық классика жауһары – Дж.Россинидің «Жібек саты» операсы және «Музыка әлемі» балалар аудиториясына арналған қазақ және орыс тілдеріндегі қызықты бағдарламасы ұсынылды.