Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қазақстандық театр Оңтүстік Кореяда өнер көрсетуде

Қазақстандық театр Оңтүстік Кореяда өнер көрсетуде

Қазақ мемлекеттік корей театры Оңтүстік Корея көрерменінің қошеметіне бөленді. Чеховтың пьесасы бойынша қойылған «Шағала» шығармасын жергілікті жұртшылық жылы қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24». Қалың қауым өнерпаздарға бірнеше минут қошемет көрсеткен. Водевиль «Шағала» – халықаралық жоба. Оның жетекшісі Пак Кэ Бе, режиссер Кан Тэ Сик және костюм бойынша сүретші Ким Ин Ок Оңтүстік Кореядан. Ал актерлар хореограф Анна Цой мен қоюшы-суретші Қанат Мақсұтов Қазақстаннан. Бұл шара екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына және алматылық корей театрының 90 жылдығына арналған. Қазақстандық әртістер өз өнерін 2-10 шілде аралығында ежелгі Конджу қаласында өтетін KomAnaRu халықаралық театр фестивалінде де көрсетеді.