Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Шетел архивтерінен Ахмет Байтұрсынұлы мен «Алаш» қайраткерлері туралы деректер іздестіріліп жатыр

Шетел архивтерінен Ахмет Байтұрсынұлы мен «Алаш» қайраткерлері туралы деректер іздестіріліп жатыр

Шетел архивтерінен Ахмет Байтұрсынұлы мен «Алаш» қайраткерлері туралы деректер іздестіретін 10 ғалымнан тұратын топ жұмысқа кірісті. Бұл туралы Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба Facebook-тегі парақшасында жазды.Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы мен «Алаш» қозғалысының басқа да көрнекті қайраткерлері туралы шетел архивтерінде сақталған деректерді іздестіру үшін тіл білімі, әдебиет және тарих саласы ғалымдарынан құралған жұмыс тобы жасақталды деп жазды комитет басшысы. Он адамнан тұратын экспедицияның алғашқы легі жоспарға сәйкес және алаштанушы, ахметтанушы ғалымдардың ұсыныстары бойынша Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларындағы, Татарстанның Қазан қаласындағы мемлекеттік архивтеріне барған. Бүгінгі күні бұл жұмыстар Орынбор облысының мемлекеттік архиві мен Омбы облысының тарихи архивінде жүргізілуде. Болашақта Ташкент, Троицк, Хельсинки қалаларындағы архивтерді аралау жоспарланған. Бұрын ешбір жерде жарияланбаған тың деректер табылса, жоспарланған жинаққа еніп, көпшілік көзайымына айналады.