Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қарағандылық әртістер «Астана Опера» театрында қонақта

Қарағандылық әртістер «Астана Опера» театрында қонақта

«АстанаОпера» теарында  7-14 тамыз аралығында Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының гастролі өтеді. Биыл 50 жылдық мерейтойын атап өтетін өнер ордасы елордалық көрермендерге мюзикл, оперетта, сондай-ақ музыкалық ертегілер ұсынады. Гастроль жаңа қойылымнан – Владимир Баскиннің «Кентервиль қамалының елесі» мюзиклінен басталады. Оның премьерасы 2021 жылы желтоқсанда өткен болатын. Сонымен қатар, көпшілікке Максим Дунаевскийдің «Алқызыл желкендер» қойылымы ұсынылады. Мюзиклдерді Санкт-Петербургтен атақты режиссер, «Золотая маска» сыйлығының лауреаты Сусанна Цирюк қойды. Классиканы ұнататындарға Имре Кальманның танымал әрі көпшілік ұнататын «Цирк ханшайымы» опереттасы ұсынылады, оның режиссері ретінде ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Юрий Александров өнер көрсетті, сценография мен костюмдер – Вячеслав Окунев. Кішкентай көрермендер де назардан тыс қалған жоқ: бүлдіршінедерге арнап «Киелі Самұрық құс»,«Ұшатын кеме» және «Алтын балық» музыкалық ертегілері қойылады. Барлық спектакльдер, оның ішінде балаларға арналған қойылымдар симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтеді, оркестрге дирижерлік етуге Николай Макаревич шақырылды.