Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Дауыс» әңгімелер антологиясы жарық көрді

«Дауыс» әңгімелер антологиясы жарық көрді

Жас қаламгерлердің «Дауыс» әңгімелер антологиясыжарық көрді. Бұл туралы «Алтын Қыран» компаниялар тобының бас директоры және «Altyn Kyran» халықаралық қайырымдылық қорының Президенті Исламбек Салжанов  өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.Жинаққа алғы сөзді атақты жазушы Мұхтар Мағауин жазып, жастарды «қаламмен ұлттық мұратқа қызмет етуге» үндеп, ақ батасын берді.Кітаптың «Дауыс» деп аталуының мәні терең дейді қор басшысы. Қазіргі авторлар – шығармашылық еркіндіктің тұсауы шешілген кең заманның қаламгерлері. Кеңес үкіметі кезінде аға буын жазушыларымыз өз туындыларын қатал цензура жағдайында жазса, қазір шығармашылыққа шектеу жоқ. Жас қаламгерлердің дауысы жаңа заманның шынайы әдебиетін қалыптастырады деген үмітіміз бар деп жазды ол. Кітап Altyn Qyran Кітапхана сериясымен 1000 данатаралыммен шыққан. Алдағы уақытта кітаптың электронды нұсқасын шығару жоспарланған. Айта кетейік, «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қорының елге қызметінің бір бағыты – қазақ руханияты мен әдебиетін дамытуға ықпал ету, талантты авторларға қолдау көрсету. Бүгінге дейін Қордың демеушілігімен 100-ден аса тарихи, әдеби, ғылыми-зерттеу кітаптар жарыққа шыққан.