Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қазақстан мен Жапония бірлесіп фильм түсіріп жатыр

Қазақстан мен Жапония бірлесіп фильм түсіріп жатыр

Қазақстан мен Жапония бірлесіп «Кішкентай самурай» атты фильм түсіріп жатыр. Қазіргі таңда Балқаш көлінің маңында түсірілім жұмыстары жүргізілуде, ал күзде шығармашылық топ Жапонияға аттанбақ.  Фильмнің сценарисі және режиссерлерінің бірі - жапониялық продюсер Сано Синдзю. Екінші режиссер - қазақстандық Ерлан Нұрмұханбетов. Негізгі рольдерді Самал Еслямова мен Дәрежан Өмірбаев, сондай-ақ қырғызстандық кинорежиссер Арым Кубат ойнайды. Фильм кеңес-жапон соғысы кезінде әкесін Сахалинге іздеп келіп, бірақ өзі тұтқынға түсіп, Қазақстанға жер аударылған жапон баланың оқиғасы туралы баяндайды.