Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қазақстандық фильм Халықаралық Венеция кинофестиваліне қатысады

Қазақстандық  фильм Халықаралық Венеция кинофестиваліне қатысады

Қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың нуар жанрында түсірілген «Голиаф» атты жаңа көркем фильмі 79-шы Халықаралық Венеция кинофестивалінің «Жаңа көкжиектер» бағдарламасына қатысады. Бұл туралы Венеция биеннале көркемдік жетекшісі Альберто Барбера онлайн форматта өткен баспасөз отырысында мәлім етті. Фильмнің режиссері әрі сценарий авторы Әділхан Ержановтың айтуынша, «Голиаф» фильмінде билік пен бағыну табиғаты зерттеледі. Фильмнің түсіру жұмыстары былтыр жаз айында Алматы төңірегінде өтті. Басты рөлдерді қазақстандық белгілі актерлер: Берік Айтжанов, Данияр Алшынов, Альмира Тұрсын және Еркен Губашев сомдады. Сондай-ақ, фильмге ресейлік актерлер Дмитрий Чеботарев және Александра Ревенко түсті. Аталған киновестиваль 31 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында Лидо аралында өтеді.