Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Ақтөбеде «The Planet of ART-2022» халықаралық фестивалі өтті

Ақтөбеде «The Planet of ART-2022» халықаралық фестивалі өтті

Ақтөбеде «The Planet of ART-2022» халықаралық фестивалі өтті. Биыл бұл сайысқа қатысу үшін алты елден үш мыңға жуық өтініш түсіпті. Алайда тек 39 үміткер ғана гала-концертте өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. Үміткерлерден іріктелген үздіктер концерт барысында вокал, хореография және музыкалық аспапта ойнау номинациялары бойынша сайысқа түсті. Фестиваль еліміздегі Балалар жылы және ЮНЕСКО клубы қозғалысының құрылғанына 75 жыл толу шеңберінде өтті. Ал сайыстың көркемсурет салу кезеңі алдағы күзде Алматыда ұйымдастырылады.