Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

60-тан астам киножоба мемлекеттен қаржыландырылады

60-тан астам киножоба мемлекеттен қаржыландырылады

Елімізде 60-тан астам киножоба мемлекеттен қаржыландырылады. Бұл туралы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының өкілдері мәлім етті. Биыл елімізде бір мезгілде 18 толық метражды, 19 деректі, 17 қысқа метражды және 8 анимациялық фильмнен тұратын түрлі жанрдағы 62 киножоба түсірілмек.Биылғы жылы сараптама тобы 80 пайыз өзгерген. Оның құрамы жастар. Жақсы өзгерісіміздің бірі», – деді Қазақстанның халық әртісі, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығыныңжанындағы сараптама кеңесінің төрағасы Досхан Жолжақсынов. Айта кетейік, биыл киножобаны қорғауға 208 өтінім қабылданған. Толықметражды 122, қысқаметражды 22 фильм.