Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Денис Теннің сценарийімен түсірілген фильм көпшілікке жол тартты

Денис Теннің сценарийімен түсірілген фильм көпшілікке жол тартты

Танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің сценарийімен түсірілген «Соқыр махаббат» фильмі кинотеатрларда көрсетіле бастады. 2018 жылдың маусымында Денис Тен фильм сценарийін Screenlife Contest байқауына жолдаған және финалистер қатарынан көрінген. Түсірілім жұмыстары спортшы өлімінен кейін 2019 жылы басталды. Оған Венеция кинофестивалінің жеңімпазы Чак Че режиссерлік етсе, танымал режиссер Тимур Бекмамбетов пен Денистің анасы Оксана Тен бас продюсер болды. Елордадағы тұсаукесерге Денис Теннің анасы, достары, танымал актерлер және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері келді. Сонымен бірге, Нұр-Сұлтандағы зағиптар қауымдастығы үшін арнайы кинозал әзірленді, онда фильмнің аудиодискрипциясы қатар жүргізілді. Өйткені, фильм желісі зағип жігіт пен керең және мылқау бойжеткен арасында өрбиді.