Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Көне тілдерді білуден халықаралық олимпиадада Қазақстан оқушылары 2 «қола» алды

Көне тілдерді білуден халықаралық олимпиадада Қазақстан оқушылары 2 «қола» алды

Қазақстандық екі оқушы Ұлыбританияның Мэн аралында лингвистикадан өткен халықаралық олимпиадада қола медаль жеңіп алды. Мұндай жеңісті жаңалықпен Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында бөлісті. Оқушыларымыз Аида Дәулетова мен Дарья Пересыпкина лингвистика бойынша өткен халықаралық олимпиадада 2 қола медаль жеңіп алды», - деп жазды министр. Ведомство басшысының мәліметінше, Мэн аралында өткен зияткерлік сайысқа әлемнің 36 елінен 200 оқушы қатысқан. Бірінші бөлімде оқушылар убых, чам, нцъу, арабана, алабама тілдерінде 5 тапсырма орындаған. Екінші бөлім маньчжур тіліне арналды.