Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Әзірбайжанда қазақтың киіз үйі тігілді

Әзірбайжанда қазақтың киіз үйі тігілді

Әзірбайжан астанасы Бакудағы Приморье бульварында қазақтың киіз үйі тігілді. Онда тамыздың 6 мен 31 аралығында «Welcome to KZ» ақпараттық-туристік орталығы ашылып, онда екі көрме өткізіледі деп хабарлады "Қазақпарат". Оның бірі – тұрақты көрмеде Қазақстанның жарқын жерлері туралы стендтер, Шымбұлақ тау шаңғысы курорты, Байқоңыр ғарыш айлағы, «Қыран» сұңқар орталығы  ұсынылса, апта сайынғы өзгерістер болатын көрмеде Алматы және Шымкент қалалары, Алматы, Түркістан және Маңғыстау облыстары өздерінің туристік әлеуетін көрсетіп, мәдени, концерттік және ойын-сауық бағдарламаларын өткізеді. Көрмеге келушілер қазақтың салт-дәстүрімен танысып, бейнероликтер тамашалап, әуен тыңдап, Ұлы Дала елінің ұлттық тағамдарынан дәм татып, ежелгі көшпенділер әлеміне еніп, кәдесыйлар алуға мүмкіндік алады. Шара Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуын мерекелеу аясында ұйымдастырылған.