Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қырғызстанда  қазақ киносының күндері  өтеді

Қырғызстанда  қазақ киносының күндері  өтеді

Бішкекте 5-6 тамызда қазақ киносының күндері өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының бөлім басшысы Әсел Ырыстың айтуынша, киноорталық биыл қазақстандық кино күндерін 15 шет мемлекетте өткізуді ұсынып отыр. «Бішкек – еліміздің кино күндері өтетін алғашқы қала. Осыған байланысты «Ала-Тоо» кинотеатрында Болат Қалымбетовтың «Мұқағали» және Айжан Қасымбектің «От» фильмдері ұсынылады. Мұндағы мақсат – іскерлік байланысты дамыту және отандық фильмдерді халықаралық деңгейге шығару. Сондай-ақ, бірлескен жобаларды іске асыру үшін серіктестер мен инвесторларды тарту, деп атап өтті орталық өкілі. Айта кетейік, қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірінің соңғы жылдары баяндалған «Мұқағали» картинасы 25-ші Таллин кинофестивалінде тәуелсіз қазылар алқасының арнайы сыйлығын иеленді. «От» фильмі де Германия мен Сингапурдағы фестивальдерде ұсынылған.