Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қарағандылық археологтар сақ дәуірінің сирек жәдігерлерін тапты

Қарағандылық археологтар сақ дәуірінің сирек жәдігерлерін тапты

Қарағандылық археологтар сақ дәуірінің сирек жәдігерлерін тапты. Орталық  Қазақстанда баламасы жоқ ерекше қазан табылды. Ал тың жәдігердің ішінде сақталған дүниелер көпшіліктің қызығушылығын тудырып отыр деп хабарлады Қазақстан арнасы. Консервация және реставрация жөнінен жеке әдістеменің авторы Қырым Алтынбековтың айтуынша, бұл жәдігер біздің дәуірімізге дейінгі III-IV ғасырға жатады. Ыдыстың ішінен ежелгі темір дәуіріне тиесілі қымбат бұйымдар табылған. Олар – қоламен безендірілген ат әбзелдерінің бөлшектері. Құнды жәдігер жан-жақты зерттеледі. Бұған бірнеше ай керек дейді ғалымдар. Ал көне артефактының қай музейге қойылатынын республикалық комиссия шешеді. Айта кетейік, елімізде осы тектес Жетісу өңірінен табылған бірнеше қазан бар.