Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Ұлытауда Алаш қайраткерлеріне ескерткіш орнатылды

Ұлытауда Алаш қайраткерлеріне ескерткіш орнатылды

Ұлытау облысының орталығында Алаш қайраткерлеріне ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 6 тас мүсіннен тұратын композиция «Ұлт және ұлылар шоғыры» танымдық-тарихи жобасы аясында және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орайластырылып жасалған. Бұл Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов, Мұхаметжан Тынышбаев пен Әлімхан Ермековтің тас бейнесі Жезқазғандағы Алаш алаңында бой көтерген.  Композициядағы ескерткіштер қоладан құйылды. Жоба авторы «Алаш қайраткерлері» республикалық ашық конкурстың жеңімпазы Дәурен Дошанов.  Жобаның мақсаты  – Азаттық жолында құрбан болған Алаш қайраткерлерін жас ұрпаққа таныту. Ұйымдастырушылар мұнымен тоқтамақ емес. Болашақта кешен қазақ зиялыларының тас мүсіндерімен толығады.