Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қарағандылық жас домбырашы Грузияда өткен Халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алды

Қарағандылық жас домбырашы Грузияда өткен Халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алды

14 жасар қарағандылық Айбек Қасымханов Грузияда өткен халықаралық музыкалық байқауда бас жүлдені жеңіп алды. Грузиядағы байқауға Қарағанды мамандандырылған музыка мектеп-интернатынының оқушысы Түркиядағы байқаудағы жеңісінен  кейін жолдама алған екен. Домбырамен алты жасынан бастап айналысып келе жатқан Айбек Қасымханов көптеген облыстық, республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Келер жылы жас музыкант тағы да Грузиядағы музыкалық жарысқа қатысуды жоспарлап отыр,  өйткені  ол гран-примен қоса сертификат жеңіп алған. Айта кетейік, Түркия мен Грузиядағы байқауларда ол «Бастау»  және «Хәләулім» туындыларын шырқады. Сонымен қатар, оның есімі «Қазақстанның алтын балалары» кітабына енді.